27.09.2023, 18:05
Оқылды: 46

Жарыс жеңімпазы атанды

Жуырда Ақтауда қазақ боксының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған турнир өтті.

IMG_20230927_180052

ХV халықаралық турнирге қазақ елінің былғары қолғап шеберлерінен бөлек Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Гүржістан, Өзбекстан және Тәжік елінің боксшылары қатысты. Осы кезге дейін өткен бірнеше жарыста жолы болмаған оралдық жас талант Даниял Сәбит те аталмыш жарыста бой көрсетті. 51 келі салмақ дәрежесіне ауысқан Даниял жарыс жеңімпазы атанды.

IMG_20230927_180104

Финалдық жекпе-жекте әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдан Оралдың оғланы басым түсті.
Білікті бапкер Саттар Сұлтанғалиевтен тәлім алатын Даниял, Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов үшеуі 51 келіде алдыңғы сапта. Олимп жолдамасы осы боксшылардың біріне бұйыратын секілді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале