29.08.2023, 14:30
Оқылды: 52

Жас футболшыларға сыйлық жасады

Республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр.

IMG-20230829-WA0055

Біраз жылдан бері талай бүлдіршінді мектепке дайындап, талай оқушыны қуантқан акцияға қолында барын балаға беруге дайын атымтай жомарт азаматтар атсалысып келеді.

IMG-20230829-WA0054

«Ақжайық» футбол клубының басты серіктесі «TN Pharm» дәріханалар желісінің директоры Т. Наурузов та аталмыш игі істен шет қалмады.

IMG-20230829-WA0057

Жуырда ол «TN Pharm» дәріханалар желісінің атынан футбол орталығының балаларына оқушы портфельдерін тарту етті.

IMG-20230829-WA0062
Кәсіп бастағанына көп болмаса да, қайырымдылық шарасынан тыс қалмаған жас кәсіпкерлердің бұл ісі – көпке үлгі.
- Футбол клубы тек спортшыларды дайындаумен айналыспайды. Түрлі әлеуметтік жобаларды да іске асыруға әзір. Жас футболшыларға қолдау білдірген басты серіктесімізге клуб басшылығы атынан алғыс білдіреміз, - дейді «Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале