Халықаралық жас ғалымдар ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын Тәуелсіз мемлекеттер достығы «Үздік жас ғалым - 2021» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының ІІІ-ші шығарылымы жарыққа шықпақ.
Жинаққа ғылым, өнер, спорт саласында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен жастардың жұмыстары қабылданады. Жас ерекшелігі 35 жасқа дейін болуы шарт.
Аталған жобаға алғашқы 100 жас ғалым қабылданатын болады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің "Үздік жас ғалымдар – 2021" III Халықаралық кітап басылымы ("ТМД ғалымдары") ТМД жас ғалымдарының ғылымы мен жеке табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады.
Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау шеңберінде Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Қырғызстан Республикасынан әртүрлі мәселелер бойынша ғылыми әзірлемелерге құмар жас және талантты адамдар қатыса алады.
- Жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша аталмыш жобаға өткен жылы 12 жас ғалым өтінім білдіріп, 4 жас ғалым үздік деп танылды. Биыл да батысқазақстандық жастар белсенділік танытады деген ойдамыз, - дейді «Бөбек жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ресми өкілі Тасболат Серікқалиев.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz