17.05.2022, 15:59
Оқылды: 130

«Жас құтқарушы» слеті өтті

Ағымдағы жылдың 15-16 мамыры күндері Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы» облыстық слетінің өткізілгенін хабарлайды.

91A48F77-A179-4BF6-BDCE-CDB757714BA1

Аталған шара жылма-жыл аудандық командалардың қатысуымен балалар мен жасөспірімдердің бойында төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, олардың өмірдегі қауіпсіздік жағдайлары, дене және психологиялық дайындығы жөніндегі білім деңгейлерін көтеру, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатымен өткізіледі.

BB69AE6D-3285-4346-A8DD-1711CF2C582E

Жарыс қорытындысы нәтижесінде І орынға - Орал қаласының құрамасы, ІІ орынға - Бөрлі ауданының құрамасы, ІІІ орынға Бәйтерек ауданының құрамасы ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталар, медальдар, алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

048D88DF-6D0D-438A-8480-B41354E69E47

 А.Айбулатова,

БҚО ТЖД ТЖЖБ инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале