12.02.2021, 16:43
Оқылды: 2

«Жас маман» жобасы жүзеге асуда

Бүгін Орал политехникалық колледжінде әлеуметтік серіктестерге «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтарды таныстыру шарасы өтті.

о1

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – "Жас маман" жобасы аясында әлеуметтік әріптестерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, білім беру бағдарламасын жетілдіруге жәрдемдесу және оқу процесіне жаңа жабдықты енгізу мәселелерін анықтау.

о5

"Жас маман"жобасын бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджет есебінен 5% көлемінде бюджет қаражаты көзделген. Жобаны іске асыру үшін колледжге 257402,3 млн. теңге бөлінді.

о4

Қазіргі уақытта колледж оқу процесіне сатып алынған жабдықтарды енгізу сатысында.Тұсаукесерге "Отделстрой" СКФ ЖШС, "Домостроитель" ӨК, "ОралПолимер" ЖШС сынды облыстың ірі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Тұсаукесер кезінде жұмыс берушілер сатып алынған жабдықтар және студенттермен тәжірибелік сабақтардың үзінділерімен танысты.

о2

 

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале