6.08.2026, 11:30
Оқылды: 9

Жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісті

Орал қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде әскери ант қабылдап, бастапқы әскери даярлықтан толық өткен жас сарбаздар алғаш рет жауынгерлік қызметке шықты. Осылайша олар әскери қызметтің жауапты кезеңіне қадам басып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.

43ddbcd3-e4f8-47d5-856f-7e827f15e53f

Әскери бөлімде белгіленген оқу бағдарламасын толық меңгерген жас жауынгерлер енді Орал қаласының көшелері мен қоғамдық орындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысады. Сонымен қатар олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша да қызмет атқаратын болады.

Алғашқы жауынгерлік қызметке шығу – әрбір сарбаз үшін әскери өмірдегі маңызды белес. Бұл – әскери антқа адалдықты іс жүзінде дәлелдеп, Отан алдындағы борышты жауапкершілікпен орындаудың бастауы.

dc6ed29d-71f7-44fb-8cd4-30440c0a4b83

– Алғаш рет жауынгерлік қызметке шығу – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бізге жүктелген міндет – азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлесімізді қосу. Командирлеріміздің сенімін ақтап, әскери антқа адал қызмет етуге бар күшімізді саламыз, – деді жас сарбаз Төлеген Мирас.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде ішкі істер органдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасайды. Жас сарбаздар тәжірибелі әскери қызметшілердің жетекшілігімен патрульдік бағыттарға шығып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарға қажетті көмек көрсету бойынша қызмет атқарады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале