Облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Жайық ет» ЖШС басшысы Темірғали Ескендіровті қабылдап, 60 жас мерейтойымен құттықтады.

Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп саласында отандық өнімдердің сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру – басты басымдықтардың бірі. Осы талаптар үдесінен шығып, облыстың дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған іргелі кәсіпорындардың бірі – «Жайық ет» серіктестігі. Кәсіпорын өңірде өндірісті өркендетіп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев іргелі өндірістің жетекшісі әрі саяси партияның жергілікті филиалының төрағасы Темірғали Ескендіровке агроөнеркәсіптік кешендегі көпжылдық жасампаз еңбегі мен қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін алғыс айтты. Өз кезегінде белгілі кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың маңызы зор екенін атап өтіп, көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі