Бұл туралы миллиардер бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
- Біз xAI жобасы аясында балалар контентіне бағытталған Baby Grok-ты жасаймыз, - деді ол.
The Economic Times басылымының хабарлауынша, бұл сервис - қазіргі Grok жүйесінің жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. Ол балалармен қауіпсіз, танымдық әрі қызықты қарым-қатынас жасауға арнайы бейімделген.
Baby Grok - негізгі Grok моделінен бөлек жұмыс істейтін жеке қосымша ретінде әзірленуде. Бұл қатал модерациямен қамтамасыз етілетін чат-бот. Мақсаты балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі жағымды цифрлық орта қалыптастыру.
