5.08.2024, 9:30
Оқылды: 140

Жастар күніне арналған онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

440B48DD-C1D6-4337-9413-CFF3226761DE

Суреттер: министрліктен

Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабақтарын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді.

FD351AEB-4823-49B4-AFD2-714A16B97555

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. 4 тамыз өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале