13.02.2025, 17:30
Оқылды: 202

Жастар – нашақорлыққа қарсы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында тәрбиелік жұмыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

WhatsApp Image 2025-02-13 at 16.25.04

Сондай іс-шаралардың бірі – «Нашақорлыққа – жол жоқ!» деген ұранмен өткізілген іс-шара. Маңызды шара аясында облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог маманы Нұрлан Сатанов пен «Медикер» ЖШС-ның психологы Альфия Науанова, терапевт дәрігер Камшат Маутова дәріс оқыды.

IMG_7377

Алдымен сөз алған жоғары оқу орнының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов: – Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Нашақорлық әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Біздің жастарымызға арнайы кеңес беруге келген мамандарға рахмет айтамыз, – деді. Бұдан әрі денсаулық сақтау саласының өкілдері  білім алушыларға есірткілік заттарға тәуелділіктің соңы қасіретке ұласатынын, жалпы денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін айтып, жастарға салауатты өмір салтын ұстану бағытында кеңес берді. Сонымен қатар «Никотинді дәруменге айырбаста» атты акция өткізді.

Спорт – салауаттылықтың кепілі екені белгілі. Университеттің «Жәңгір хан» спорт клубында футзалдан студенттер арасында спорттық шара өткізілді. Институттардың командалары сынға түскен жарыста бірінші орынды Политехникалық институттың аяқдопшылары жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институты мен Индустриалды-технологиялық институтының командасы өзара бөлісті.

БҚАТУ медиа орталығы 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале