17.10.2023, 13:00
Оқылды: 52

Жастарды әскерге шақыру мәселесі талқыланды

БҚО әкімдігінде ҚР азаматтарының әскери-патриоттық сезімін ояту, әскери қызметтің жеңілдіктерімен артықшылықтарын жеткізу, ҚР Қарулы күштерінде жұмылдыру ресурстарын цифрлық трансформациялау тақырыбында жиын өтті. Отырысқа ҚР Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров қатысты. Жиынға БҚО Әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық етті.

bc39b9fc-c891-406b-b99a-272e69db4e18

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы жастардың бойында отаншылдық рухты көтеріп алмай әскерге шақыру, әскери міндет туралы құр айту жөнсіз екенін атап өтті.

«Жастардың бойына патриоттық сезімді дарыту керек. Ол үшін облыстық деңгейде мақсатты жұмыс жүргізілсін. Аудан әкімдері балабақшалардан бастап отаншылдық рухтағы тәрбие мәселесіне көңіл бөліңіздер. Жастар ел алдындағы, Отан алдындағы борышын өтеуге ерікті түрде, мақтанышпен баратындай деңгейге жету керекпіз»,- деді аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Ал ҚР Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров болса әскери қызметте жемқорлыққа жол бермеу мәселесі өте өзекті екендігіне тоқталды. Ол жемқорлықтың алдын алу үшін қазір цифрлық жүйеге біртіндеп көшіп жатқандығын атап өтті.

«Жастардың бойына әскери-патриоттық тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік орган жұмылдырылуы тиіс. Сонда ғана біз патриот жастарды өсіре аламыз. Бүгінгі таңда әскерге баратын жастарды ҰБТ-дан босату, әскери кафедраға оқуға қабылдау мәселелері шешілді. Әскери саланы цифрландыру мәселесіне қатысты да жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз бүгінде барлық мемлекеттік органның базаларынан 18-ден 60 жасқа дейінгі ер азаматтарға қатысты ақпараттарды біріздендіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл бізге өзімізге қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді. Әскри саланы цифрландыру жұмысы алда да жүре береді, - деді » ҚР Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.
Күн тәртібінде бұдан бөлек әскери саладағы жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды. Аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов:

- Жемқорлыққа жол бермеу үшін адами факторды азайту керек. Өкінішке орай бізде Қорғаныс саласында әлі барлық құжат адам қолымен толтырылады. Анықтамалардың бәрі адам қолымен беріледі. Біз осыны азайтып, толық цифрлық жүйеге көшуіміз керек, - деді Бақытжан Нарымбетов.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале