Бүгін Тасқала аудандық С. Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде “Кәмелетке толмағандар мен ата-аналар арасында репродуктивті денсаулықты қорғаудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау” тақырыбында білім беру саласының қызметкерлерімен және мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, облыс кураторы Елена Тарасенко мен БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Татьяна Рогозина, сондай-ақ, БҚО Білім басқарма басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханова, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллина, №5 қалалық емхана директоры Тимур Мұхамедияров, №4 қалалық емхана директорының орынбасары Алмагүл Мұстафина, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Галиева,Тасқала ауданы әкімі жанындағы СДП және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі, білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова және аудан орталығындағы мектеп басшылары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог психолог мамандар мен әлеуметтік педагог мамандар қатысты.

Іс- шара еркін форматта өткізілді. Оның мақсаты, денсаулық апталығы аясында –халықтың реппродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау әдістері туарлы, жатыр мойыны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сынды мәселелерді шешуге бағытталды.

Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қадырбайқызы осы бағытта атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Ата-аналарға қажетті ақпараттар берілді. Шараға жиналғандар өз ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Содан соң, Е.Тарасенко бастаған делегация аудандық «Отбасын қолдау орталығында» болып, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, Тасқала аудандық ауруханасына табан тіреп, медицина қызметкерлерімен жүздесті.

Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрқтарына жауап берді.
Гүлмира Мақанова
