15.02.2017, 16:00
Оқылды: 62

Жастардың үндеуге қосқан үні

Орал қаласы жастарына Елбасы үндеуін түсіндіру үшін студенттерімен кездесулер жүргізілсе, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ақпараттық-түсіндірме тобы құрылып, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе және Бөрлі аудандарында болып қайтты.


Аталған аудан жастарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріліп, бағдарламалар аясында кеңестер берілді. Және де мәдени ойын-сауық кеш ұйымдастырылып, «Танылмаған талант» атты концерттік бағдарлама қойылды.

Биылғы жылдан бастап облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қолға алған 7 (жеті) жобаның бірі - «Танылмаған талант» жобасы. Бұл жоба аясында өткен жылғы байқау жеңімпаздары ақпараттық-түсіндірме тобымен бірге аудандарды аралап, тегін концерттер қоюда. Ондағы мақсат -  аудан орталығы мен ауылдық округтердегі жас талантты жастарды ел алдына шығару. Ал қалған 8 ауданға ақпараттық-насихат тобының баруы мен мәдени шаралардың өткізілуі наурыз айына жоспарланған.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале