20.09.2022, 11:30
Оқылды: 139

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді

«Жастар» ҒЗО мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

220707074512820e

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ҒЗО арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы болуы» деп жауап беруі.

«Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».

Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылмақ.

Несие беру шарттары: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале