Оралда «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бүгін «AMANAT» партиясы ғимаратында жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыссыз азаматтарға қажетті мамандықтар таңдауға көмектесу, жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмыс іздеуші жастарға әр түрлі сала маманының тиісті кеңестерін беру мақсатында «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жалпы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне облысымыз бойынша 40-қа жуық жұмыс беруші қатысып, 1500-ден астам бос жұмыс орыны ұсынылды.
Оның ішінде БҚО-ның мемлекеттік мекемелері, құқық қорғау органдары, қаламыздағы өндіріс ошақтары, жеке компаниялар және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары бар.
Аталмыш шараға 100-ден аса жұмыс іздеуші келіп, ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып, қажетті ақпарат алды.
Ж. Аймурзиева,
БҚО жастармен жұмыс жөніндегі
ресурстық орталығының ақпараттық
талдау бөлімінің басшысы