«Jas Otan» жастар қанаты БҚО филиалының ұйымдастыруымен облыстық жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, «Ақжайық – адалдық алаңының», облыстық жастар ресурстық орталығының, студенттер альянсы ұйымының өкілдері Оралдағы колледждердің жатақханаларын тексерді. Ондағы санитарлық талаптардың сақталуына, студенттердің орналасуына байланысты мониторинг жүргізді.
Рейдтік іс-шара Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінен басталды. Оқу орнының 314 орындық жатақханасында қазіргі таңда 294 студент орналасқан. Жатақханада студенттерге толық жағдай жасалған, сонымен қатар тексеру тобы бақылау камераларының жұмыс жасап тұрғанына куә болды.
А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің жатақханасының салынғанына жарты ғасыр болған екен. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу орны басшылығы жөндеу жұмыстары жоспарда тұрғанын мәлімдеді. Жалпы, мұнда да санитарлық талаптар сақталуда, студенттер үшін тиісті жағдай жасалған.
Рейдтер сондай-ақ өзге де колледждерде жалғасты. Барлық жатақханада санитарлық талаптар сақталатыны, студенттерге барынша жағдай жасалғаны белгілі болды. Мониторингтік топ өкілде-рінің кейбір жатақханаларға сту-денттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған кабинеттер жасақтау, жатақхана кіреберісіне арнайы турникеттер орналастыру туралы ұсыныстары колледж басшылары тарапынан қолдау тапты.
Мәди Ықылас