24.03.2022, 10:40
Оқылды: 51

Жауапкер Тайланд еліне баратын жолдаманың өтемақысын ақшалай төлеуге келісті

Талап қоюшы 2019 жыл бойы «N»дәріханасынан дәрі-дәрмек алып жүрген кезде дәріханашы белгілі бір сомаға дәрі-дәрмек алған жағдайда ұтыс ойынына қатысатынын мәлімдеген. Талап қоюшы арнайы купонды толтырып, ұтыс ойынына қатысқан. 2019 жылдың желтоқсан айында дәріхана қызметкерлері талапкерге Тайланд еліне екі адамға жолдама ұтып алғанын хабарлады. 

3D025716-250A-4CA4-866B-32D2D2F1FD28

Бірақ талапкер елде болған төтенше жағдай мен шектеу шараларына байланысты аталған жолдаманы қолдана алмаған.

Соған байланысты талапкер Э.Т. жауапкер «N»ЖШС-не жүктелген міндеттерін орындауға, ұтыс ойынның шарттары бойынша берілген кепілдендірілген жолдаманы беруге, сол арқылы беделі мен бұзылған құқығын қалпына келтіруге сотқа арызданды.

 Сотта жолдаманың құны қазіргі таңда жоғарылағаны анықталды.

 Нәтижесінде тараптар келесідей келісімге келді:

«А.К.» ЖШС-гі N» ЖШС-нің Э.Т-ге ұтыс ойынының қорытындысы бойынша берілген екі адамға арналған Тайланд еліне жолдаманың өтемақысы ретінде 250 000 (екі жүз елу мың) теңгені 2022 жылдың 11 наурызына дейін төлеуге міндеттелді.

  2022 жылдың 9 наурызында аталған келісім сот ұйғарымымен бекітілді.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

         Р.Имангалиева,

Орал қаласының №2 сотының бас маманы 

Суреттің дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале