18.06.2026, 17:10
Оқылды: 5

«Жауапты әке – мықты отбасы» 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасында Әкелер күніне арналған іс-шаралар өтуде. Осы іс-шаралар аясында Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Жауапты әке – мықты отбасы»  атты облыстық форум өтті.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.01 (1)

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың азаматтық жауапкершілігін ояту.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.55.48

Оралдағы Достық үйінде дүркіреп өткен форумды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізді.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.02

Ол кіріспе сөзінде форумның маңыздылығын айтып, келелі жиынның келер болашақта пайдасы жөнінде сөз қаузады.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.07

Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева басқосу қатысушылары мен әкелерге алдағы мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін жолдады. Форумның негізгі бөлімінде түрлі сала мамандарындағы ер-азаматтар баяндама жасады.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.03

«Қазақстанның әкелері» РҚБ БҚО құрылтайшысы Серік Ихсанов «Отбасындағы әке институты және ұрпақ тәрбиесі» тақырыбын көтерді. Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Мереке Закиров ата-аналық міндеттердің құқықтық жақтарын түсіндірді. Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов отбасы құндылықтарын сақтаудағы ата-ана жауапкершілігіне тоқталды. Аумақтық қорғаныс бригада командирінің тәрбие және идегологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Айғали Аманғалиев жастарды Отанды қорғауға баулу жолдары туралы айтты. Тасқала ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез ауылдағы тәрбиеде әке өнегесінің орнын ерекше атап көрсетті.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.55.47 (1)

Спикерлердің баяндамасынан кейін қатысушылар арасында пікір алмасу өтті. Іс-шара соңында белсенді әкелерге алғыс хаттар табысталып, музыкалық нөмірлер ұсынылды. Ұйымдастырушылар бұл форум жауапты әкелік дәстүрін жаңғыртып, ұлттық тәрбиенің негізін қалауға серпін беретініне сенім білдірді.

Нұр-Бақыт Тұрсынбаев,

Орал қаласы

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.55.48 (1)

WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.08 WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.07 (1) WhatsApp Image 2026-06-18 at 18.01.00

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале