5.01.2024, 11:29
Оқылды: 20

Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада басталады

Осы жылдың 8-13 қаңтары күндері Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады.

msg-1001309508988-8503

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Ескере өтейік, үш жыл бойы онлайн өткізілген олимпиада биыл оффлайн ұйымдастырылады. Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты осы жылдың 8 және 13 қаңтарында Almaty Theatre-де өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале