23.11.2025, 16:00
Оқылды: 36

"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 24 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті", - деп хабарлайды Zakon.kz.

Погода жп

Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын түрінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын ( жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

Солтүстікте, шығыста, ел орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жел екпін алады деп болжанады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале