3.07.2025, 14:30
Оқылды: 263

Жазғы лагерьлердегі қаржылық сауаттылық сабақтары

Батыс Қазақстан облысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң және тәртіп» ұлттық бастамасы  аясында қаржылық қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шараларын өткізді. Сабақтар мектеп жанындағы “Самал”, “Дарын”, “Атамекен” және “Рахат” жазғы лагерьлерінде өткізілді.

WhatsApp Image 2025-07-03 at 13.09.47 (1)

Іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың қаржылық сауаттылық пен қаржылық алаяқтықтан қорғану туралы тұрақты білімдерін қалыптастыру. Балалар іс-шара барысында ақшаны дұрыс пайдалануды, алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолдарын және қаржы құралдарын қолданғанда мұқият болу қажеттілігін үйренді.

WhatsApp Image 2025-07-03 at 13.10.12

Барлық лагерьлерде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар өз шығармаларында қауіпсіз қаржылық әлемді бейнелеуге ерекше ынталарымен қатысып, әрбір қатысушы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-07-03 at 13.09.47 (2)

Іс-шаралар толық көлемде өткізіліп, балалар мен педагогтардың тарапынан оң бағасын алды. Мұндай бастамалар өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық қауіпсіздікке және құқықтық сауаттылыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.

Л.Уразгалиева,

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

аға тергеушісі

WhatsApp Image 2025-07-03 at 13.09.47

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале