24.05.2023, 21:33
Оқылды: 63

Жедел профилактикалық іс-шара жемісін беруде

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 22-25 мамыры аралығында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

IMG-20230524-WA0086
Іс-шараның өткізу барысында, үш күн ішінде облыс аумағында полиция қызметкерлерімен 7 млн 755 мың теңге сомасына 473 әкімшілік айыппұл өндірілді.
Мамандандырылған автотұраққа жалпы қарыз сомасы 480 мың теңгені құрайтын 5 автокөлік қойылды.
Жыл басынан бері айыппұл төленбеген құқық бұзушылардың 240 автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.
"Сұңқар Смарт қорғау" жүйесінің көмегі арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, жалпы сомасы 26 млн. теңгені құрайтын 3018 айыппұл берешегі бар 2872 құқық бұзушы анықталды.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале