30.01.2023, 16:30
Оқылды: 46

Жеке адамдардың банкроттығы: Қарызы барлар қалай тексеріледі?

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығына ілігетіндерге қатысты тиісті тексеру әрекеттері қалай іске асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Қарызы бар адамдар өтінім бергеннен кейін, мемлекеттік органдарға сұрау жолданады. Осы орайда тиісті мәліметті алу үшін 22 бағыт бойынша сауал жібереміз. Оның арасында 7 мемлекеттік орган мен 6 ұйым бар. Бұл мекемелермен арада ақпарат алмасу ретке келтірілген. Атап айтқанда, осы деректерге сүйене отырып, заң аясындағы талаптарға сай келуін тексереміз. Егер адамдар осы тексеруден өтсе, онда 15 күн ішінде оның өтінімін мақұлдап, реестрге қосамыз. Бұл тұрғыда банкроттық аясында өтінімді қарастырудың келесі сатысына өтеді», - деді Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Біздің порталда өтінім нұсқалары орналастырылған. Адамдар онымен танысып, 8 ақпанға дейін ұсыныстарын айта алады. Жалпы, осы саладағы жұмыстар егжей-тегжейлі пысықталды және ақпарттық жүйе де дайын тұр», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы жабылмаған адамдар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале