13.05.2022, 14:37
Оқылды: 189

Жеке балабақшалар лицензиялауды енгізуге қарсы

Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау енгізу туралы ұсынысын орынсыз екендігін алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220513113943996e

Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, бұл іс-шара көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға мүлде әсер етпейді. Тек шағын және орта бизнеске қосымша кедергі келтіреді. Бұл жаңашылдық бірқатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жабылуына және балабақшалардың көлеңкеде жұмыс істеуіне әкеп соғуы мүмкін. Кәсіпкерлер осы және басқа да дәлелдерін бүгін Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова лицензиялау жеке балабақшалар көрсететін қызметтердің сапасының бақылауына кепілдік бермейтінін атап өтті. Өйткені іс жүзінде лицензия тек бір рет, балабақша ашылған кезде беріледі.

«Жеке балабақшалар мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын бақылау механизмдері қажеттігімен келіседі. Алайда, лицензиялауды қайтару балабақшалар жұмысының сапасын қамтамасыз етпейді», – деді ол.

Оның пайымынша лицензиялау тек жемқорлық тәуекелдерді арттырады. Тәрбиешілердің біліктілігін және жұмыс деңгейін арттыру проблемасымен жүйелі түрде айналысу қажет. Ал лицензиялау дәл осы проблемадан жалтаруға жол ашады.

«Қазіргі кезде қауымдастық құрамына 2 817 балабақша немесе жұмыс істеп тұрған барлық балабақшаның 43 пайызыы кіреді. Олардың көбі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Яғни, олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес қойылатын нормаларға сай келеді», - деді Лейла Күленова.

Қауымдастық мүшелерінің пікірінше, бұл норма енгізілген жағдайда жекеменшік балабақшалардың басым бөлігі жабылуға мәжбүр болады. Осылайша мектепке дейінгі білім берумен қамту көлемі азаяды. Кәсіпкерлердің осы жүйеге 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 280 млрд теңгеден астам сомада салған инвестициялары жоғалады. Сонымен қатар, 2000 жылы лицензиялау кезінде жұмыс істеген көлеңкелі балабақшалардың саны күрт артады.

Кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдары соның ішінде жеке балабақшалар жұмысының сапасын қамтамасыз етудегі басты мәселе кәсіби мамандардың жеткіліксіздігі деп санайды.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев лицензиялауды енгізу осы саладағы шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретінін және сыбайлас жемқорлық қатерін арттыратынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале