Жеке тасымалдаушы "Орал-Астана" бағытындағы вагондарды жаңартуда
«Сары-арқа» ЖШС №58/57 «Орал – Астана (Нұрлы жол)» әлеуметтік маңыздағы бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі хабарлады.
Серіктестік паркін жаңа жолаушылар вагондарымен жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Өткен жылдары тасымалдаушы желіге екі жаңа вагонды қосты, ал 2025 жылдың ақпан айының ортасынан бастап кезекті жаңа плацкарт вагонын іске қосады.
Жаңа вагондар кондиционер, тоңазытқыш, микротолқынды пештермен жабдықталған. Әр салонда екі электр розеткалары және жолаушыларға арналған электронды құрылғыларды қосу үшін төрт USB қарастырылған. Жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттырып, заң мен тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін вагондар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.