5.11.2021, 17:49
Оқылды: 32

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 235 мың учаске инфрақұрылыммен қамтылады

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 235 мың жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

211105154106473a3858352i

Оның атап өтуінше, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті және өңірлер арасында да, сол сияқты өңірлер ішінде де елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айтылған екі бағытты іске асыру аясында 4 тапсырма, 20 көрсеткіш пен 94 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңге, оның ішінде 4 трлн теңге республикалық бюджеттен, 786 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылады. Сонымен қатар 2,8 трлн теңге жеке инвестиция тарту қамтамасыз етіледі.

«Негізгі қызметтерге тең қолжетімділік» бағытында инфрақұрылымды кешенді дамыту бойынша 2 тапсырманы шешу және «Жайлы тұрғын үй» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыру көзделеді. Инфрақұрылымды кешенді дамыту 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісін, 46 топтық су құбырын, 875 шақырым нөсер кәрізі мен арық жүйесі желісін салу мен қайта жөндеуді көздейді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауыл ішінде 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың шақырым кентішілік жол және 1,5 мың әлеуметтік нысан салынып, жөнделеді. Нәтижесінде қала халқы ауызсумен және ағын суларды тазарту жүйесімен толықтай қамтамасыз етіледі. 3,5 мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымы Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес жаңғыртылады», - деді Әсет Ерғалиев.

Министр «Жайлы тұрғын үй» жобасы аясында тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тартылатындығын айтады.

«185,1 мың адам үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу, 102,3 мың бірлік әлеуметтік жалға беру құрылысын салу шығыстарын субсидиялау көзделген және кредиттік тұрғын үй салу, жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың бірлік тұрғын үй салу, сондай-ақ ауылда 2,9 мың жалға берілетін үй салу бойынша жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау көзделген. Жалпы, 103 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 235 мың жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале