26.06.2026, 20:00
Оқылды: 53

Желіде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) хабарлауынша, желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты заңдық жауапкершілік бар.

Жп телефон

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Тек БАҚ қана емес, әлеуметтік желідегі кез келген жазба, пікір (комментарий) немесе видео жауапқа тартуға негіз болады.

​ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында фейк таратқан 59 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 20 қылмыстық іс қозғалған.

​Орталық жасанды интеллект (нейрожелі) арқылы жасалған өтірік аудио, видео немесе суреттерді бөліскендер де парақшасының танымалдығына қарамастан жазаланатынын ескертеді. Сондықтан кез келген күмәнді ақпаратты таратпау сұралады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале