10.12.2020, 9:57
Оқылды: 45

Желтоқсанның басында теңге нығайды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев валюталық нарықтағы жағдайды баяндады.

32AF413E-64D7-4BE9-ACF2-EF7D5AA83EDD

Экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сату есебінен өскен ішкі ұсыныс пен қолайлы ішкі конъюнктура биылғы қарашада айырбас бағамының бір АҚШ доллары үшін 432,66-дан 425,07 теңгеге дейін 1,8 пайызға нығайтуға ықпал етті», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында. Ұлттық банк басшысы бірнеше вакцинаның сәтті сынақтары туралы хабарлар мен АҚШ-тағы президенттік билікті ресми берудің басталуы тәуекелді активтерге сұранысты арттырғанын атап өтті. Осылайша, қараша айында мұнай бағасы барреліне 37,5 доллардан 47,6 долларға дейін 27%-ға өскен. ОПЕК+ өндірудің мейлінше қалыпты қарқынмен ұлғайту шешімінен кейін желтоқсанда мұнайға баға белгілеу сенімді өсіп келеді. АҚШ доллары индексінің төмендеуі дамушы елдер валюталарының динамикасына оң әсерін тигізді. Мәселен, Бразилия реалы бір айда 6,6%, Түрік лирасы – 6,2%, Ресей рублі – 3,7%-ға дейін нығайды», - деп атап өтті Е.Досаев.

Кепілдік трансферт шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті түрде сатуы биылғы қарашада валюта нарығының теңгерімде болуының қосымша факторы болды.

«Ай басынан бері айырбастау бағамы 1,2%-ға нығайып, 9 желтоқсанда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары үшін 419,92 теңге болды», - дейді Ұлттық банк төрағасы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале