15.09.2023, 12:45
Оқылды: 5

Жемқорлығы үшін сотталған БҚО әкімінің бұрынғы орынбасары апелляциялық шағым түсірді

Жемқорлығы үшін сотталған БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

A55AF99C-FC65-44D5-BA52-A06E28B68FC2

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Е.Балтаевтың адвокаты Тамара Сәрсеновадан шағым түскен.

«Аталған іс апелляциялық сот сатысында қаралатын болады. Сот талқысы әзірге тағайындалған жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.

Кейін ол қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сот үкімімен айыпты деп танылып, 8,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар Е.Балтаев мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале