20.10.2022, 15:50
Оқылды: 78

Жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін ең басты қауіп-қатерлердің бірі екені жасырын емес. Сондықтан, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.

1

Фото дереккөзі: adyrna.kz

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін қадап айтты. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Еліміздің қазіргі стратегиялық құжаттарын қарастыратын болсақ, олардың ен негізгісі ұзақ мерзімді басымдықты көздейтін Қазақстан 2050 Стратегиясы.

Стратегия мемлекеттің алдағы жылдардағы жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі өзегі болып  табылады. Құжатта жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқарту, қоғам өміріндегі, түрлі саладағы жемқорлық тудыратын себептерді жою, қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шаралардың жетекші рөлін жүргізу міндеттері көрсетілген. Стратегияның мақсаты – жемқорлық масштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен квазимемлекеттік және секторлардың ашықтығы.

Осылайша басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуда. Қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп кеткен бұл індеттің, алдың алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан пәрменді шараларды халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр.

“Сыбайлас жемқорлық” деген ол жалпы сөзбен айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіреді, "corruptio" деген латын сөзіннен шыққан.

Біздің мемлекетімізде 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күні.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті.

Және өзінің тапсырмасында Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салды.

Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға  қатаң жаза қолданылатын болды.

Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Президентіміз өз сөзінде «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз».

Б.Калакова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотынын

жетекші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале