Жыл сайын мектептен тыс қосымша орталықтардағы түрлі үйірмелерге қатысатын балалар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанып жүр. Үлкен өмірге деген алғашқы қадамдар үйірмеден басталады. Көптеген балалардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған түрлі секция-үйірмелер өңірімізде жетерлік. Мамандар үйірме таңдар кезде ата-ананың көзқарасынан гөрі, баланың қабілеті, қызығушылығы, ынта-ықыласы бірінші орында тұрғаны дұрыс деген пікір айтады. Әйтпесе, әкесі боксшы бола алмай қалғандықтан, ұлын бокс үйірмесіне қатыстыратын ата-аналар да ұшырасады екен. Біз мереке қарсаңында үйірмеге қатысып, өзінің қарым-қабілетін шыңдап, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қыздарды әңгімеге тарттық.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №18 санынан оқи аласыздар.
Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz