21.04.2017, 17:58
Оқылды: 38

Жер телімдері коммуналдық меншікке берілетін болды

Облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы орман қоры жерін басқа санаттағы жерге ауыстыру мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өткізді.


Бұған облыстық экология департаменті мен облыстық жер қатынастары басқармасының, Зеленов ауданы әкімдігінің, Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің және «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ мен «Жайықжылуқуат» АҚ өкілдері қатысты.

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаевтың айтуынша, Мичурин ауылдық округінің аумағында орналасқан қуаттылығы 54 МВт электр стансасы (2010 жылы салынған) және ГТС-54 жылу жүйесі үшін суды химиялық дайындауға арналған сіңіру торабының (2015 жылы) құрылысы кезінде барлығы 0,07 га жер телімі орман шаруашылығының қорына кетіп қалғанын айтты. Оның сөзінше, аталған жер телімдерінің коммуналдық меншікке берілгені дұрыс. Қазіргі уақытта бұған құқық беретін құжаттарды дайындау жұмысы қолға алынуда.

Шара барысында облыстық экология департаменті және Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме өкілдері сөйлеп, орман қорына өтіп кеткен жер телімдерін коммуналдық меншікке беру жөніндегі ұсынысты қолдайтындарын жеткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале