3.06.2024, 12:01
Оқылды: 23

«Жетісу» футбол клубының директоры ұсталды

Бүгін Талдықорған қаласының тергеу соты «Жетісу» футбол клубының директоры мен жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевты қамауға алуға санкция берді.

D6555353-8445-4E87-B3EE-EBE1B261903A

Сурет: «Жетісу» ФК

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.

«Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының анықтауы бойынша, сот шешімімен Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы санкция беру туралы сот шешімі заңды күшіне енген жоқ» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Дөңсебаевты 1,8 миллиард теңгені жымқырды деп күдіктенеді.

Қалмұхамет Дөңсебаев қазір Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале