2.05.2024, 12:16
Оқылды: 48

Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жекелей сынында франциялық теннисшіні жеңді

"Әлемнің 492-ракеткасы, қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Хаммаметтегі (Тунис) ITF турнирінің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді", - деп хабарлайды Prosports.kz.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 10.21.51

Фото: prosports.kz

Қазақстандық теннисші турнирдің 1/16 финалы аясында франциялық Эмма Маззонимен кездесіп, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, қазақстандық теннисші жақында Хамаметтегі турнирдің жұптық сынында голландиялық теннисші Жасмин Гимберемен бірге жарыс чемпионы атанған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале