Жаз мезгілі — жұқпалы ішек ауруларының өршитін кезеңі. Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) — бұл бактериялар, вирустар немесе паразиттер арқылы қоздырылатын, адам ағзасына ауыз арқылы түсетін аурулар тобы. Олар негізінен асқазан-ішек жолын зақымдап, диарея, құсу және дене қызуы сияқты белгілермен көрініс береді.

Эпидемиологиялық ахуал
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылдың алғашқы алты айында жіті ішек инфекцияларының тіркелуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30% ға төмендеуі байқалады. Оның ішінде нақтыланған ішек жұқпалары 22% ға, нақтыланбаған ішек жұқпалары – 44 % ға төмендеп отыр.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында бактериялық дизентерияның 12 жағдайы тіркелсе, 2025 жылдың сол кезеңінде 11 жағдай анықталған. Яғни, аурушаңдылықтың төмендеу байқалады. Бактериялық дизентерия (шигеллез) — Shigella тобына жататын бактериялар арқылы қоздырылатын жұқпалы ішек инфекциясы. Аурушаңдықтың ең көп тіркелген айлары — маусым және шілде. Ауруға шалдығушылардың басым бөлігі — балалар мен мектепке дейінгі жастағы топтар. Аурудың көп бөлігі тұрмыстық жағдайда, яғни отбасылық ошақтарда тіркелген. Бұл – санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталмауының, тағамның дұрыс дайындалмауы мен сақталмауының салдары.
Эпидемиологиялық тергеп тексеру нәтижесі көрсеткендей, аурудың таралу себептері:
Қауіп тобы кімдер?
ЖІИ әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті, себебі олардың иммундық жүйесі әлсіз келеді. Балалар арасында ЖІИ күрделі асқынуларға — сусыздану мен интоксикацияға әкеп соғуы мүмкін. Кей жағдайда ауруханаға жатқызу қажет болады.
Алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
ЖІИ Ауру белгілері:
Барлық ішек жұқпалары тобының бактериалды дизентерия ауруының негізгі ерекшелігі — іштің жиі және сұйық өтуі, кейде қан немесе шырыш аралас, іштің ауыруы және дене қызуының көтерілуі.
Осы белгілер байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет! Әсіресе балаларда алғашқы сағаттарда дәрігер көмегіне жүгіну өте маңызды.
ЖІИ — қарапайым санитариялық ережелерді сақтау арқылы алдын алуға болатын ауру. Жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз тағам мен суды пайдалану, балалардың тазалық дағдыларын қалыптастыру арқылы өз денсаулығымызды және айналамыздағы адамдардың денсаулығын қорғай аламыз.
Назгүл Ажмұратова,
БҚО Санитариялық эпидемиологиялық бақылау Департаментінің,
инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық
бақылау бөлімінің басшысы