"Ақжайық" футбол клубының бас бапкері Игорь Прохницкий клубтың баспасөз қызметіне команданың Оралдағы маусымалды оқу-жаттығу жиынының қалай өтіп жатқанын айтты.
- Команда құрамына негізінен жергілікті ойыншыларды қостық. Қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып жатырмыз, - деді Игорь Иванович.
Оралдық футболшылардан бөлек, командада еліміз бен алыс-жақын шетелден келген бірнеше ойыншы жаттығып жүр. Бапкер алдағы уақытта құрамды күшейтетін футболшылардың кететінін де айтты.
- Ақпанның 18-і күні Өзбекстанға аттанамыз. Ел кубогі бәсекелері басталғанша сол жақта жаттығу жиыны өтеді. Команда құрамын күшейтеді деген ойыншылар сол жиынымызға келеді, - деді "Ақжайық" ФК-ның бас бапкері.
Түгейлбай Бисен,
zhaikpress.kz