25.07.2025, 16:30
Оқылды: 114

«Жобалардың инновациялық навигаторы»: қайталанатын жобалар қысқартылды

2024 жылы елімізде «Жобалардың инновациялық навигаторы» іске қосылды. Аталған іске асырылып жатқан барлық жобаларда ашылатын жұмыс орындарының, нысаналы индикаторларының орындалуына сапалы мониторинг жүргізуге, сондай-ақ әрбір кәсіп бөлінісінде кадрларға қажеттілікті талдап, болжауға, кадрлардың еңбек нарығына сәйкестігін талдауға, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты бағалауға мүмкіндік береді.

c74f38ba-d08a-42e1-aa86-b195f713efe0

Сурет: telegram.org

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов хабарлады.
«Бүгінгі таңда 6 салалық министрлікпен жұмыс атқарылуда. 606 жоба туралы ақпарат алып, оларды талдап, қайталанатын жобаларды навигатордан алдық. Бұл жұмыс қолданыстағы жобалардың тізбесін оңтайландырып, аналитикалық деректердің сапасын арттырады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

«Жобалардың инновациялық навигаторы» 2030 жылға дейін 222 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін жалпы саны 1415 жоба туралы ақпаратты қамтыған. Жобалардың жалпы құны 76 трлн теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале