Бүгін Базаршолан ауылынан Тайпақ ауылына қарай 10 шақырым жерде Жайық өзенінен Е.Е.Төлеуғалидың мүрдесі табылды. 2004 жылы туған баланың үстінде киімі болған, - деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Фото дереккөзі: inform.kz
Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылған болатын.
Туыстарының сөзіне қарағанда, студент жазғы демалыс кезінде Қыдырбай қыстағындағы ағайындарына мал бағысуға келген.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің
баспасөз қызметі