6.08.2026, 12:00
Оқылды: 5

Жоғары аудиторлық палата аудиті нәтижесінде спорт мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілерін тамақтандыру мен материалдық қамтамасыз етудің бірыңғай нормалары бекітілді

 Жоғарғы аудиторлық палата спортшыларды, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануы тиімділігіне тексеру жүргізді.

fe2b135569766aee56a636bc9b0f96b8_1280x720

Аудит барысында спорт мектеп-интернаттары мен олимпиадалық резерв колледждеріндегі оқушыларды тамақтандырудың, медициналық қызмет көрсетудің және материалдық қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарының болмауы өңірлердегі спортшыларды даярлауда айырмашылықтарға әкеліп, бірыңғай стандарттарды қамтамасыз етуді қиындатқаны анықталды. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында ҚР Туризм және спорт министрлігі қолданыстағы заңнамада анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, спорт мектеп-интернаттары мен олимпиадалық резерв колледждері тәрбиеленушілерін тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және материалдық қамтамасыз етудің бірыңғай нормалары бекітілді. Аталған шараларды іске асыру өңірге байланыссыз спортшыларды даярлауда тең жағдай жасауға, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыруға және спорт саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Аудит қорытындысы бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның басқа да нұсқамаларының орындалуы бақылауда болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале