- Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың нақтылығын күшейтеді деп есептеймін, әсіресе ауылда халықтың сеніміне ие, бірақ жоғары білімі жоқ білікті тәжірибелі адамдар көп екенін ескерсек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, әкімдікке кандидаттар үшін, әсіресе өзін-өзі ұсынғандар үшін үгіт-насихат кезеңін ұлғайту маңызды. Осыған байланысты ол оның мерзімін түзету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
- Бұдан басқа, сайлау науқанын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Егер солтүстік өңірдегі халық аз қоныстанған ауылдарда қазіргі қаражат көлемі үгіт-насихат шығындарын жабуға жеткілікті болса, онда халықтың тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз. Аталған ұсынымдар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп санаймын. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент Әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.
Ол 2021 жылы елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланғанын еске салды. Осы сайлаудың нәтижесінде құрам жартылай жаңартылды. Партияның белсенділігі, өзін-өзі ұсынғандардың көптігі және сайлаушылардың белсенді қатысуы осы реформаның қажеттілігін көрсетті.