16.11.2021, 16:30
Оқылды: 87

Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

Арнаулы орта білімі бар қазақстандықтар ауыл әкімі лауазымына ұсыныла алады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021111616324588287_2021111616182310285_vybory_mestnyh_akimo (1)

- Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың нақтылығын күшейтеді деп есептеймін, әсіресе ауылда халықтың сеніміне ие, бірақ жоғары білімі жоқ білікті тәжірибелі адамдар көп екенін ескерсек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, әкімдікке кандидаттар үшін, әсіресе өзін-өзі ұсынғандар үшін үгіт-насихат кезеңін ұлғайту маңызды. Осыған байланысты ол оның мерзімін түзету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

- Бұдан басқа, сайлау науқанын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Егер солтүстік өңірдегі халық аз қоныстанған ауылдарда қазіргі қаражат көлемі үгіт-насихат шығындарын жабуға жеткілікті болса, онда халықтың тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз. Аталған ұсынымдар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп санаймын. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент Әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Ол 2021 жылы елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланғанын еске салды. Осы сайлаудың нәтижесінде құрам жартылай жаңартылды. Партияның белсенділігі, өзін-өзі ұсынғандардың көптігі және сайлаушылардың белсенді қатысуы осы реформаның қажеттілігін көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале