29.06.2026, 11:00
Оқылды: 15

Жол қауіпсіздігі: ІІМ лазерлік қондырғыларды қолдану аясын кеңейтуде

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

5334637690361683811

Сурет: Polisia.kz 

- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Лазерлік жүйелер тұман, боран, нөсер, жауын сияқты көріну қашықтығы төмендейтін, қолайсыз ауа райында жүргізушілерге жолды дұрыс бағдарлауға көмектеседі.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жүйелер жол жүрісінің қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға оң әсерін тигізуде. Бүгінде лазерлік қондырғылар республикалық маңызы бар автожолдардың көлік ағыны қарқынды және апат қаупі жоғары 22 учаскесінде жұмыс істеп тұр.

Ішкі істер министрлігі жол ұйымдарымен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аталған технологияларды автожолдардың өзге де учаскелеріне кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жалғастырады. Жолдағы қауіпсіздік - әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале