5.09.2022, 11:15
Оқылды: 49

"Жолдауда қоғамдағы ең өзекті мәселелер айтылды"

Жолдауда өзекті мәселелер шешімі анық көрсетілген. Президенттің әйелдер қауымының зейнет жасына қатысты айтқан тұжырымы өте маңызды.

6

Жаратылысы нәзік болса да, әйел заты ер-азаматтармен тең дәрежеде жұмыс істейді. Көрдіңіз бе, нәзік қауымның иініне зор жауапкершілік жүктелген. Отбасында отағасына да, перзенттеріне де қамқорлық көрсетеді. Тіпті бірнеше баланың анасы ретінде нәпақа табуына тура келеді. Бір сөзбен айтқанда, әйелдер мемлекет қолдауына зәру. Сондықтан әйелдерді зейнетке шығаруды кешеуілдетпеу керек. Тұрмыстық ахуалы неғұрлым оңала түскен сайын, халықтың өмір сүру сапасы да соғұрлым жақсара түседі. Жолдауда 2024 жылдан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа толғанша әр балаға дербес шот ашылып, қаржылай жинақ қалыптастырылатыны айтылды. Яғни қордағы қаражат үлкен өмір жолына дайындалуына зор мүмкіндік береді. Осыдан жастардың болашаққа деген сенімі нығая түсері анық. Осындай іргелі шешім қабылдау арқылы мемлекетіміз бүгінгі межесінен  бірнеше қадам алға озды деп есептеймін. Нақты реформалар арқылы ғана Жаңа Қазақстанды қалыптастыра аламыз.

Инесса Тобылева,

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ этно-мәдени бірлестіктермен

жұмыс жөніндегі бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале