14.11.2024, 20:00
Оқылды: 106

ЖОО студенттеріне қолжетімді медициналық қызметтер туралы түсіндірілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының   Батыс Қазақстан облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Сала мамандары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қолжетімді медициналық қызметтер туралы түсіндірді.

2

 

«МӘМС туралы» Заңына (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы) сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар мемлекет есебінен сақтандырылған және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Қор филиалының бөлім басшысы Қуаныш Боранбайұлының ақпараты бойынша, жеңілдік мәртебе ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру деректерінің базасында (ҰБДБ) студент туралы мәліметтердің болуы негізінде ұсынылатындығы айтылды.

«Егер студент оқудан шығарылса, академиялық демалыс уақытында немесе оқуын аяқтаса, онда ол білім саласының ҰБДБ ақпараттық жүйесінен шығарылуы қажет, өйткені жұмысқа орналасу кезінде олар үшін МӘМС-ке аудырамдар мен жарналары қабылданбастан кері қайтарылады. Сонымен қатар, егер оқу кезеңінде студент сақтандырылмаған болса, ол оқу орнына хабарласып, ақпараттық жүйедегі деректерді тексеруі керек», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Қуаныш Боранбайұлы күндізгі бөлімде оқитын мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істейтін студенттері үшін МӘМС-ке аударымдар мен жарналар ұсталмайтынын еске салды.

Сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда батысқазақстандық жастар белсенділік танытып, өздерін және жақындарын толғандырған мәселелерді талқылап, мардымды жауап алды. #мәмсбқо #фсмсзко

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының

халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау

жөніндегі бөлімі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале