Ауылдық елді мекеннен 1979 жылғы әйел адам келіп түсті. Түскен кездегі шағымы – үлкен дәретке отырған кездегі қатты ауырсыну, сол орынның дискомфорты, кей кезде әлсіздік.
Өзінің айтуы бойынша жоғарыдағы шағымдар 18 жыл бұрын бала босанғаннан кейін пайда болған. Соңғы кездері аталған шағымдар күшейген . Облыс орталығында проктолог мамандарға қаралып, оперативтік ем тағайындалған.
Диагноз: Созылмалы комбинирленген геморрой 3-4 сатысы. Өзінің айтуынша өзінің денсаулығына отбасы жағдайына байланысты көп көңіл бөле алмаған, бірақ қатты мазалағасын жерде аудан мамандарына келіп , тексерістен өтіп ота жасалуға сенім білдірген. Аудандық ауруханамызда соңғы уақытта мұқтаж науқастарға жедел және жоспарлы түрде әртүрлі оталар орындалады. Мақсаты – аудан халқына қол жетімді медицина және де медициналық көмектің сапасын арттыру. Ота жасалғаннан кейін науқас жадайы бірқалыпты.
Бел-жұлын аймағы анестезиясы арқылы науқасқа Миллиган Морган әдісі бойынша геморроидэктомия отасы жасалынды. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы