2.08.2021, 23:08
Оқылды: 139

Жұлдызшы Мұсағали

Сонау  бір  заманда  Нарын  өңірін  мекен  еткен  Балықбайұлы  Оразбек  деген  азамат  өтіпті  өмірден.  Мешітте,  молданың  алдынан  арабша  сауат  ашып,  кейін  Жәңгір  хан  мектебін  бітіріп,  хан  сарайында  писарь  болған  екен.  Біз  әңгіме  еткелі  отырған  оның  ұлы  Мұсағали да  ақылды,  әкесінен  көп  ұлағат  алып  өсіпті.  Бір  ерекшелігі,  бір  жаққа  сапарласа,  үнемі  түнде  жүруді  дағдыға  айналдырған.  Аспандағы  жұлдыздарға  қарап,  бағытынан  жаңылмай,  адаспай  тарта  береді  екен.  Содан  шығар,  былайғы  жұрт  Мұсекеңді  түнде  адаспайтын  жұлдызшы  атапты. 

кенжебай мусагалиулы копия — копия

Жыл-он екі айдың әр күніне болжам жасап, сұрағандарға ойларын айтып отырады екен. Мысалы, «Үркер ерте батса, қыс қатал болады, Темірқазық жұлдызы үнемі жоғары тұрса, қуаңшылықтың белгісі, қысты күні жел оңтүстік-шығыстан аумай қойса, боран апталап соғатын болады. Содан сақ болыңыздар», – дейді екен. 1952 қоян жылы басталғанда «Биыл қыс қалай болады?» – деп, бір шаруашылықтың басшысы сұрайды.

Мұсекең сонда:  «Қыс боранды, аязды, қатты болады, іскірт біткен қар астында қалады, малға шөп жеткізу үлкен қиындыққа түседі, малдан зор шығын болады» – дейді. Сол айтқаны айнымай келген ғой. Құдай басқа бермесін сол жылы таяғын ұстап қалған малшылар өте көп болған. Тағы бір айта кетерлігі, Мұсекең өте бауырмал жан болыпты. Кешкісін, шайын ішіп отырып, бәйбішесіне:

– Мен жолға шыққалы отырмын, жолшыбай үш бауырыма соғамын. Солардың сыбағасын қоржынға салып жібер, – дейді екен. – Биыл қыс қатты олар келе алмайды. Соғымнан ауыз тисін. Бәйбішесі:

– Отағасы-ау, сіз базарлықсыз жүрмейтін әйел емессіз ғой, – деп қарсылық танытса, ағамыз: «Сен салған сыбағаны көріп, бауырларым қуанады, олардың қуанғанын көру мен үшін үлкен бақыт» – дейді екен сабырмен. Сол Мұсағали туралы талай әңгіме естіп, өсіп едік. Соның бірі  1905 жылы Мұсекең 19 жасында Жаңақазанда қатты сырқатқа ұшырап, құр сүйегі қалады. Мұны Тайпақ өңірінің Балықбай мекенінде тұратын немере ағасы Дүйсенұлы Берікқали естиді. Шілде айының кү-йіп тұрған күндерінің бірінде, пәуескемен жолға шығады. Ылғи түнде жүріп отырып, бір апта дегенде Жаңақазанға жетеді. Жас бағыланның құйрығы мен  сорпасы, жылқының қымызы, түйенің шұбаты, киік отыменен емдеп ай жарым дегенде Мұсағалиды аяғынан тұрғызады.

Сол Мұсағали бастаған үш жігіт сонау 1921 жылғы ашаршылықта Нарын құмын мекендеген 12 жанұяны қар астынан қазып алған құмаршықпен аман алып қалып еді деп үлкендер жыр қылып айтып отыратын.

Әленғали  Керейтегі,

зейнеткер,

Орал  қаласы

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 3 тамыздағы  №62 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале