ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры Жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқау өткен еді.

Оған 1 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында 200-ден астам өтінім түскен.
Басты мақсат – адал еңбегімен үлгі болған азаматтарды көрсету, жұмысшы мамандықтарын, олардың қызметін, еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын насихаттау.
Байқауға журналистер, блогерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлер, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар, колледж, компания және партия өкілдері қатысқан.
Қатысушылар «Үздік бейнеролик», «Үздік телесюжет», «Үздік фоторепортаж», «Үздік радио сұхбат», «Үздік публицистикалық мақала» аталымдары бойынша сынға түсті.

Бүгін Астана қаласында байқау қорытындысы шығып, жүлдегерлер марапатталды. Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталған.
Олардың қатарында әріптесіміз, фотограф Мейірбек Тажқұранов та бар. Ол «Ең үздік фоторепортаж» аталымында І орынға ие болды.
Оның «Шойын балқытқан – Мұстафа» атты жұмысы үздік атанды.
zhaikpress.kz