10.10.2024, 17:45
Оқылды: 11

«Жүрегіңізді сақтаңыз!» – дәрігер

Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандар саны артуда. Мұндай дертке душар ететін бірден-бір себеп – дислипидемия.

Young woman doctor holding a red heart in lab

Сурет: istockphoto.com

Дислипидемия қандағы липидтердің (майдың) бір немесе бірнеше түрінің зиянды деңгейінің көбеюі. Яғни холестериннің жоғары деңгейі жүрек артерияларының бітелуіне әкеліп соғады. Дислипидемия туабітті (тұқым қуалайтын) және жүре-бара пайда болуы мүмкін.

Бастапқы дислипидемия ағзадағы майдың алмасуына қатысатын рецепторлардың, ферменттердің немесе тасымалдау ақуыздарының қызметін реттейтін геннің ауытқулары нәтижесінде дамиды. Тұқым қуалайды және бастапқы моногендік дислипидемияға жатады. Екінші деңгейлі дислипидемия 30-40% жағдайда адамның өмір салты мен өзге де фондық ауруларға, сондай-ақ қолданылатын дәрі-дәрмектерге байланысты туындайды.

Қан сарысуындағы липидтердің деңгейі көп кейбір науқастар дислипидемияға шағымданбауы мүмкін. Сырқатты диагностикалау үшін мына белгілерге назар аударылады: науқас бұрын жүректің ишемиялық ауруына, артериялық гипертензияға, қант диабетіне, перифериялық артериялық атеросклерозға шалдықса, сондай-ақ отбасылық гиперхолестеринемия, метаболикалық синдром, семіздік, созылмалы бүйрек ауруы, калькулозды холециститпен ауырса, тексерілу керек. Бұған қоса кез келген басқа генездің холестазы, гипотиреоз, радиотерапия, струмэктомия, қант диабеті немесе глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, менопауза болуы назарға алынады. Дислипидемияны диагностикалаудағы зертханалық белгілері – жалпы холестериннің липидті спектрінің өзгеруі, холестероллипопротеидтердің төмен тығыздығы, триглицеридтер, холестерол-липопротеидтердің жоғары тығыздығы, аполипопротеин В, аполипопротеин А, липопротеин (А) (LP(A)) болуы. Осы аталғандардың шектен тыс жоғарылауы  дислипидемияны  білдіруі  мүмкін.

Дислипидемияны анықтау және емдеу үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет. Өйткені уақтылы ем алудың арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға болады.

Әйгерім Тұрсынова

Орал қалалық №4 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале