Жүректің саулығы үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Бұл туралы дәрігер Ольга Уланкина РИАМО басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: massaget.kz
Оның пікірінше, жүректі қорғайтын бірде-бір "сиқырлы" өнім жоқ. Десе де кейбір өнімдер өз пайдасын тигізеді.
Ольга Уланкинаның сөзінше, тамырдың қабынуын азайтуға көмектесетін Омега-3 қышқылы жүрекке ең пайдалы заттар қатарында. Маман ол майлы теңіз балықтарында (лосось, скумбрия, сардина) бар екенін айтты. Сонымен қатар, магний мен Е дәрумені де жүрек саулығы үшін өте маңызды.
Еске салайық, бұған дейін жүрек ауруының белгілері айтылды.