1.06.2022, 15:00
Оқылды: 69

Жүргізуші куәлігін тек автоХҚО-да емтихан тапсырғаннан кейін алуға болады

Батысқазақстандықтар алаяқтардың құрбанына айналуда. Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы клиенттерге мамандандырылған ХҚО бөліміне бармай, жүргізуші куәлігін алу мүмкін еместігін хабарлайды.

WhatsApp Image 2022-06-01 at 14.58.02
"Қазір емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін, соның ішінде сот шешімі бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға да жүргізуші куәлігін оңай жолмен алуға болатындығы туралы әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялануда. Олардың айтуынша, автокөліктің бір санаты бойынша жүргізуші куәлігі 60 000 теңгеден басталады. Олар банк картасының мәліметтерін береді және 50% алдын ала төлем сұрайды. Осыдан кейін мессенджер арқылы «дайын куәліктің» суретін жібереді және қалған соманы және тіпті қосымша ақшаны талап етеді. Мұндай алаяқтардың құрбаны болған адамдар Орал қалалық мамандандырылған бөлімге жиі жүгінуде. Естеріңізге сала кетейік, арнайы емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес", - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Биыл теориялық емтихан тапсыру кезінде тұлғаны сәйкестендірудің биометриялық жүйесі енгізілді. Бұрын теориялық емтиханды тапсырарда клиент тек жеке куәлігін көрсететін, енді әрбір үстелдің үстіне емтихан тапсырушының сол адам екенін анықтайтын бейнекамера орнатылды. Үшінші тұлғалардың қатысуы мүмкін емес.
БҚО тұрғындарынан құжаттарына сақ болуды, өздерінің жеке деректері мен қаражатын бөгде адамдарға бермеуді және жүргізуші куәлігін алу үшін тек Орал қ. мамандандырылған бөліміне жүгінуді сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале